jasqazaq.kz

Екі оқушы шетелге әкеткелі отырған әкесінен құтқаруды сұрады

31 мамыр 2019, 18:10

Жат ағымның жетегінде кеткен әкесі мәжбүрлеп хиджаб кигізген ақтөбелік оқушы қазақстандықтардан көмек сұрады.

Ақтөбелік оқушы жат ағымның жетегінде жүрген әкесінің өзі мен сіңілісіне күштеп хиджаб кигізіп, араб тілін оқытып жүргенін айтты, деп хабарлайды ҚР Дін істері конгресі ресми өкілі. Үйінен бірнеше рет қашқан қыз амалы таусылған соң, мектептегі ұстазына хабарлама жіберуге мәжбүр болған. Аталған хабарламаның видеосы Instagram желісінде жарияланды.

«Апай-сәлеметсізбе! Мен сізге бір нәрсе айтайын деп едім. Менің әкем дінге қатты берілген. Ол намаз оқығалы маған және сіңіліме хиджаб кигізіп, араб тілін оқуға мәжбүрлейді. Қазақстанда «таза ислам жоқ» деп бізді елден алып кетпекші. Бірақ менің елден кеткім келмейді. Бірнеше рет үйден қашып кетпек болдым. Алайда барар жерім жоқ. Өтінемін, маған көмектесіңізші», — деді аудиожазба жіберген жасөспірім.

Аталған хабарламаны алған мектеп ұстазы ата-аналардың балаларын осылай мәжбүрлі түрде дінге күштеп кіргізгенін көруге шамасы жоқ екенін жазды.

«Біздің мектепте орамал тақпай, басқа балалар сынды жүргісі келетін бірнеше бала бар. Бала психологиясын құртып жатқан ата-аналардың эгоистігіне қарауға күшіміз жоқ. Бұл діни фанаттар өздерінің құқы бұзылып жатқанын айқайлап айтуда. Бірақ олардың балаларының қалауы қандай екенін ешкім сұрап жатқан жоқ. Көпшілік балалар құқығының бұзылып жатқанын, мұндай дінге берілген отбасыларында не болып жатқанын білуі тиіс. Мен мұндай жағдайдың бірді-екілі емес екенін білемін. Мемлекет қандай да бір шара қолданса екен», — дейді ұстаз.

Видеоны көрген желі қолданушылары қауқарсыз қыздарға көмек көрсетілуі тиіс екенін және діни таңдауды бала есін білген соң, өзі жасауы тиіс екенін жазған.

Дереккөз: Stan.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда