
Ақмола және Павлодар облыстарының жолдарының бөліктері жабылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитеті «Қазавтожол» мекемесіне сілтеме жасап хабарлады.
Ақмола облысы
16 ақпан күні сағат 22-30-дан бастап, ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) республикалық бағыттағы «Астана-Ерейментау-Шідерті» жолында (Астана, Павлодар облысымен шектесетін тұсы, 16-205 км) жүк және қоғамдық көлік үшін шектеу қойылды.
Павлодар облысы
16 ақпан сағат 23-00-ден бастап, ауа райының құбылуына байланысты (көктайғақ) республикалық бағыттағы «Астана-Ерейментау-Шідерті» (Шідерті ауылы, Ақмола облысымен шектесетін тұсы, 205-259 км) жолында жүк және қоғамдық көлік үшін шектеу қойылды.