
Синоптиктер екі облыста желдің екпіні күшейіп, бұрқасын болады деп ескертеді.
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша 21 қаңтарда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде қатты қар жауады.
Кей жерлерде тұман, баяу бұрқасын, шығыстан 15-20 м/с жел күтіледі. Сонымен қатар 22 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с дейін күтледі. Орал қаласында бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан 15-20 м/с желдің күшейуі күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %