
Павлодарда екі оқушы қызды трамвай басып кеткен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол апатының суреті Instagram желісіндегі @tipavlo парақшасы жариялады.
Оқиғаға қатысты өңірлік денсаулық сақтау басқармасының басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Оразалин пікір білдірді. Оның айтуынша, оқиға сағат 7:43-те болған. «Ломов пен Қатаев көшелерінің қиылысында 2007 және 2009 жылғы қыздарды трамвай басып кетті. Амал не, бірі қаза тапты, екіншісі жансақтау бөлімінде бізде жатыр, жағдайы аса ауыр», — деп хабарлады ол. Павлодарлық трамвай басқармасының баспасөз қызметіндегілер көліктің оқиға кезінде бірінші маршрут бойынша алюминий зауытына бара жатқанын айтты. Тізгінде бес жылдық тәжірибесі бар 1987 жылғы қыз болған. Балалар Павлодардағы №4 орта мектепте оқыған. Оқу мекемесіндегілер қыздардың апалы-сіңлілі екенін айтады. «Бұл оқиға енді ғана болды. Апалы-сіңлілер, екінші және төртінші сыныпта оқиды», — деп хабаолады мектептегілер.