jasqazaq.kz

Екі көлік соқтығысып, жаяу жүргінші көз жұмды (видео)

26 мамыр 2021, 22:29

Ақтөбеде жүк және жеңіл көлік соқтығысып, жаяу жүргіншілер жолындағы жүргізуші көз жұмды.

Бүгін Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы бойында жол-көлік оқиғасы тіркелді. «Shacman» маркалы жүк көлігінің жүргізушісі бұрылыста қарсы келе жатқан «BMW» маркалы автокөлігіне жол бермей, соқтығысты. Сол кезде жүк көлігі қозғалыс бағытын өзгертіп, жаяу жүргіншілер жолымен жүріп келе жатқан Батыс Қазақстан облысының 32 жастағы тұрғынын қағып кетті. Жол апаты салдарынан әйел сол жерде көз жұмды. Ал «BMW» автокөлігінің жүргізушісі жедел медициналық жәрдем ауруханасына жатқызылды.

«Жол-көлік оқиғасының негізгі себебі – қарапайым ережені бұзу. Жүргізушілер тәуекелге барып, орны толмас өкінішке душар болып жатады. Осыған байланысты жол қозғалысына қатысушыларды жол ережелерін сақтауға шақырамын. Сіздің ойланбай істеген әрекетіңізден ешбір кінәсі жоқ адам зардап шегуі мүмкін. Бұл жерде өз жөнімен кетіп бара жатқан әйел қаза тапты», — дейді облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.

https://youtu.be/lJyGTWo03_w

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде