jasqazaq.kz

Екі көлік аударылды

09 тамыз 2020, 16:25

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданында екі көлік аударылып кетті.Бұл туралы  ҚазАқпарат хабарлайды.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 тамыз күні сағат 05.30-да «Өскемен-Шемонаиха» тас жолының 96-шақырымында мас күйінде Nissan laurelI автокөлігін тізгіндеген ер адам рульге ие бола алмай қалып, көлік арыққа құлап кеткен.

«Жүргізуші ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы бап бойынша ол он бес тәулікке әкімшілік қамауға алынып, жеті жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды», — дейді ШҚО ПД басшысының орынбасары Жанболат Калетаев.

Арада бір күн өткеннен кейін дәл сол уақытта Шемонаиха қаласында тағы да көлік аударылды. ВАЗ 2107 автокөлігінің жүргізушісі жылдамдықты рұқсат етілген шектен асырып, соның салдарынан машина аударылып кеткен.

«Екінші оқиғада да жүргізуші жарақат алған жоқ. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Ер адамға 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды», — делінген ведомство мәліметінде.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия