jasqazaq.kz

Екі қалаға республикалық мәртебе беріледі

17 мамыр 2019, 11:09

 

Үкімет тағы екі қаланың инвестициялық климатын жақсартуға, сондай-ақ қала құрылысы мен инфрақұрылымын дамытуға кірісті. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайылов қандай қалалардың мегаполис мәртебесін алатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кеткен жөн, бүгін XII Астана экономикалық форумында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тағы екі қалаға республикалық мәртебенің берілетінін жариялаған болатын.
«Қазақстан да әлемдік урбанизация үдерісінен тыс қалып отырған жоқ. Бізде халықтың 40 проценті ауылда тұрса да, жартысы қалада жұмыс істейді. Бүгінде үш ірі қаламыз бар. Елордамыз 20 жылдың ішінде 1,2 миллион халқы бар қалаға айналды. Алматының халқы 2 миллионнан асты. Былтыр оларға Шымкент қосылды. Енді, тағы екі қаланы осы деңгейге көтеріп жатырмыз. Аталған қалалар магнит сияқты халықты тартып, білім мен технологиялардың ошағына айналады. Қазақстандағы қалалардың табысы еліміздің әлемдік нарықтағы бәсекелестігін күшейтеді», — деді Назарбаев.
Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов қандай қалалардың мегаполис деңгейіне көтерілетінін айтты. Олар – Қарағанды мен Ақтөбе.
«Аталған қалаларға халық көптеп көшіп жатыр. Адамдар өз еркімен келуде. Себебі қалада барлық жағдай бар, білім алуға болады. Енді, әзірше нақты уақыт белгіленбеген. Дегенмен, үкімет тиісті жұмысты бастап кетті», — деді ол.
Айтуынша, үкімет Қарағанды мен Ақтөбенің инвестициялық климатын жақсартуға, қала құрылысы мен инфрақұрылымын дамытуға күш салып жатыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда