jasqazaq.kz

Екі қабатты тұрғын үй қора-қопсы, моншасымен жанып кетті

11 қыркүйек 2020, 20:53

Петропавлда ағаштан салынған екі қабатты үйден өрт шығып, ғимарат қасындағы қора-қопсы, моншасымен толық жанып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. 

Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қыркүйек күні сағат 11.00-лер шамасында Петропавлдағы Московская, 68 көшесіндегі үйден өрт шыққан.

Оқиға орнына 12 арнайы техника мен 62 өрт сөндіруші жіберілді. Мамандар келген кезде екі қабатты ағаш үйден шыққан жалын қасындағы қора-қопсы мен моншаға таралып үлгерген екен. Отқа оранған ғимараттан 3 газ баллоны шығарылды.

Ірі өрт тек екі сағаттан кейін ғана толығымен сөндірілді. Алайда ағаш үй де, оның қасындағы шаруашылық нысандары да толық жанып кетті.

Мамандардың айтуынша, қаза тапқандар және зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен келген шығын мөлшері анықталатын болады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде