jasqazaq.kz

Екі инкассаторды өлтіріп кетті

08 маусым 2019, 22:35

Түркістан облысының полицейлері инкассаторларды өлтіріп, ақшасын алып кеткен күдіктілерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«7 маусымда кешкі сағат 18:15 шамасында Арыс АПБ кезекші бөлімшесіне пошта бөлімінен Арыс ауданына қарасты ауылдардың біріне қаржы жеткізу үшін шығып кетіп, хабарсыз кеткен екі инкассатор туралы хабарлама келіп түседі. Қызметтік көліктің ішінде зейнетақы мен жәрдемақы төлеуге арналған 7,5 миллион теңгеден астам қаржы болған. Оқиға орнына бірден Арыс АПБ жедел-тергеу тобы жетеді. Анықталғандай, инкассаторлар белгіленген бағыт бойынша ауылдардың біріне кетіп, байланысқа шықпай қалған. Полицейлер ауданнан шығар жерлерді, аймақтарды, көшелер мен қиылыстарға қойылған бейнекамераларды тексеріп, куәгерлерден сұрақ-жауап алып, қажетті шараларды атқарып жатыр» делінген хабарламада. Инкассаторларды іздеуге Түркістан облысы полиция департаментінің Криминалды полиция басқармасының қызметкерлері мен Арыс АПБ полицейлері жұмылдырылды. Нәтижесінде жедел уәкілдер Арыс қаласынан 5 шақырым жерден иесіз көлікті, ал аудан орталығынан 35 шақырым жерден оқ жарақатымен инкассаторлардың мәйітін тапты. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабымен, яғни 99-бабы «Адам өлтiру» және 192-бабы «Қарақшылық» бойынша іс қозғалды. Полицейлер ауыр қылмысты жасаған күдіктілердің тұлғасын анықтау және оларды құрықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда