jasqazaq.kz

Екі ер адамның төбелесі түсірілген видео тарап жатыр

26 қараша 2019, 11:59

Әлеуметтік желілерде екі ер адамның төбелесі түсірілген видео тарап жатыр.

Сондай-ақ  видеода төбелеске тағы бір ер адамның қосылғаны байқалады. Видеоға қалдырылған пікірлердің бірінде үшінші ер адамның әкімдікте жұмыс істейтіні айтылған. Нәтижесінде оның расында да әкімдік қызметкері екені расталған. Бөрлі ауданы әкімдігінің өкілдері төбелес шығарушылардың бірінің осыған дейін әкімдікте заңгер болып жұмыс істегенін айтты. «Төбелес 24 қарашада болған. 22 қарашада Бөрлі ауданы әкімдігінің заңгері өз еркімен жұмыстан шықты. Жұмыстан кететіні жайлы өтінішті қазанда жазған болатын. Қалған ер адамдардың әкімдікке қатысы жоқ», — деді БҚО Бөрлі ауданы әкімдігі аппаратының басшысы Мұхтар Нұрмақов. Полициядағылар да осы жағдайға қатысты пікір білдірді. «Төбелес шығарғандар анықталды. Олардың барлығы — Ақсай қаласының тұрғындары. Екеуі 26 жаста, ал біреуі 24-те. Біреуінің травматикалық пунктке барғаны анықталды. Кейінірек үйіне жіберілді. Оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», — деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдері төбелестегі басқа ер адамдардың әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.

https://youtu.be/6U2tb7Sdz5c

Tengrinews.kz

 

 

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда