jasqazaq.kz

Екі елдің достығы нығая түседі

23 маусым 2022, 15:08

Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй БАҚ өкілдерінің кәсіби мерекесі қарсаңында алматылық бірқатар журналистермен кездесу өткізді. Бас консул БАҚ өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста екенін алға тартып, пандемия салдарынан екі жылдай офлайн кездесудің болмағанын айтты.

Жиынды Бас консул Абай Құнанбаевтың «Әлемде өзгермейтін ештеңе жоқ, зұлымдық та мәңгілік емес. Қаһарлы қыстан кейін, гүлдей жайнап көктем келеді» деген сөзімен бастады. Ол екі елдің арасындағы тығыз достық қатынасты тілге тиек етіп, 30 жылдан бері дипломатиялық қарым-қатынастың нығая түскенін атап өтті. Сондай-ақ осы аралықта стратегиялық әріптестіктің мықтап орнап, екі елдің дамуына бағытталған жобалардың әлі де жүзеге аса беретіндігін ерекше айтып өтті. Бас консул екі жақ қарым-қатынасының нығая түсуіне БАҚ өкілдерінің де еңбегі зор екенін мәлім етті.

Ол: «Екі ел арасындағы достықтың нығая түсуіне Қазақстан мен Қытай БАҚ өкілдерінің жұмысын ерекше атап өткім келеді. Соңғы жылдары Бас консулдық Алматы қаласындағы БАҚ өкілдерімен тығыз байланыста. Екі жақты ақпарат алмасудың аясында, Қытай елі туралы шынайы ақпараттар жарияланып, өз кезегінде жақсы нәтижеге қол жеткізді. Алдағы уақытта екі ел арасындағы ажырамас байланыстың нәтижесі БАҚ өкілдерінің жұмысынан көрінеді. Бас консулдық журналистермен бірлесіп жұмыс істеуге әрдайым дайын», — деді.
Бас консулдық қазақстандық журналистермен 3 негізгі бағыт бойынша жұмыс істейді. Біріншісі — ең алдымен, екі ел арасындағы достықты нығайту. Сонымен қатар «Бір белдеу, бір жол» жобасы аясында іскерлік қарым-қатынас, гуманитарлық көмек, екі ел келісімімен жүзеге асырылатын жобаларға ақпараттық қолдау көрсету.

Екіншісі — ақпарат таратуда неғұрлым объективті пікірлерге басымдық беру. Бүгінде Қытай экономикасы, әлеуметтік дамуы мен эпидемиямен күрес жайлы толыққанды материалдар берілуде. Бұл мәліметтер жаңа форматпен, әр түрлі әдіспен оқырмандарға ұсынылуда. БАҚ-тың шынайы ақпаратының арқасында оқырмандар Қытай елі туралы толық мәлімет алуда. Сонымен қатар кейбір БАҚ өкілдері Қытай елі туралы шындыққа жанаспайтын материалдар таратуда. Ол журналистің кәсіби этикасын сақтамауынан.

Үшіншісі екі ел арасындағы БАҚ өкілдерінің қарым-қатынасын нығайту.
Жиын соңында Бас консул Цзян Вэй БАҚ өкілдері қойған сауалдарға жан-жақты жауап беріп: «Қытай мен Қазақстан ажырамас көрші. Екі елдің саяси әрі дипломатиялық қарым-қатынасы одан әрі нығая түседі. Бұл қатынас екі елдің тұрақты дамуына серпін береді», — деді.

Мақпал Ноғайбаева

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр