jasqazaq.kz

Екі ел арасындағы сауда-саттық қалай жүріп жатыр?

02 наурыз 2020, 12:27

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда байланысы қалай жүріп жатқанын айтты.
«Коронавирустың экономикаға тигізетін ықпалы жайлы Үкімет басшысы бүгін айтып өтті. Экономикаға жауапты адамдардың бәрі бұл мәселемен айналысып жатыр. Шектеуге қатысты айтарым, әлбетте экономика мәселесі өте маңызды. Қазірдің өзінде Қытай экономикасы 1 пайызға құлдырады деген мәлімет бар. Әлемдік экономикадағы Қытайдың үлесі 24 пайыз екенін ескерсек, бұл ахуал көптеген елге, оның ішінде Қазақстанға әсер етпей қоймайды. Әйтсе де осыншалықты экономикалық шығынды ескергенімізбен, бүгінгі таңда азаматтардың қауіпсіздігін бірінші орынға қоямыз», — деді Ералы Тоғжанов Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифинг барысында. Үкімет басшысының орынбасары дәл қазір Қазақстан мен Қытай арасында теміржол арқылы байланыс барын мәлім етті. «Мәселен, Достық бекетінде машиниске дейін тиісті шараларды қабылдап жатырмыз. Сол себепті барлық алдын алу шаралары мемлекеттік шекарадан бастап жүргізіліп жатқанын айтқым келеді. Жүк тасымалы жағынан нақты шаралар қабылданған. Мәселен өткен тәулікте ғана тек 10 автокөлік қана өтті. Яғни, біз ары-бері қозғалысты барынша қысқартып жатырмыз. Әлбетте бұл шектеулер біздің елдің экономикасына, саудасына әсер етіп жатыр. Әйтсе де түсіністік болу керек», — деді ол. Өз кезегінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев ары-бері қатынап жүрген көліктерге қатысты мән-жайды түсіндірді. «Көбінесе Қытайға біз жақтан автокөлік құралдары кіреді. Мәселен ақпан айында 8-20 көліктен кіріп жүрді. Олар шекарадан ары өткеннен кейін бар-жоғы 3 шақырым жүреді де кедендік аумақтағы қоймаларға барады. Олар ҚХР полицейлерімен бірге жүріп, жүкті алып, қайта елге қайтады. Ол жақтан елге қайтқан азаматтарымыздың бәрі бірден дәрігерлердің бақылауына алынады. Ал Қытай жақтан соңғы бір көлік 17 ақпанда ғана келген. Осыдан кейін ҚХР тарапынан бізге автокөліктер кірген жоқ», — деді ол.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде