
Полиция өкілдері Алматы қаласы, Наурызбай ауданындағы аурухана дәрігерлерінің соққыға жығылуына қатысты тергеу жұмыстарын бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, №7 клиникалық ауруханасының екі дәрігері шағым түсірген. «Сот отырысы кезінде дәрігерлер алған жарақаттың ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптама нәтижесінен кейін осы дерек бойынша шешім шығады», — деді Полиция департаментінде.