jasqazaq.kz

Екі дәмхана лас суын Үлкен Алматы өзеніне құйған

09 қазан 2019, 18:12


Алматы қаласы арнайы табиғатты қорғау прокуратурасы қаладағы нысандарға тексеріс жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық Прокуратураның баспасөз қызметінен сілтеме жасап.
Тексеруге Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы, Экология департаменті, Алматы қаласының Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, Жасыл экономика басқармасының экология бөлімі, Жергілікті полиция қызметі мамандарынан тұратын арнайы топ құрылды. Рейд барысында су объектілерін ластау, су қорғау аймағының режимін бұзу, өзен арнасының жағалауын ластау деректері анықталды. Іле-Алатау мемлекеттік табиғи ұлттық паркінің аумағында 2 дәмхана иелері лас суды «Үлкен Алматы» өзеніне ағызу үшін заңсыз құбыр орнатқан. Медеу ауданында — 2, Алатау және Түрксіб аудандарының әрқайсысында 6 тұрғын үй иесі лас суды өзен немесе арық бойына ағызып жіберіп отырған. «Үлкен Алматы», «Ащыбұлақ», «Қарғалы» және «Тереңқара» су объектілерінен алынған сынамалар бойынша жүргізілген микробиологиялық және санитарлық-химиялық зерттеулер, су құрамының санитариялық-эпидемиологиялық талаптарына сай келмейтінін көрсетті. Заңға қайшы әрекеттері үшін кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапқа тарту жұмыстары басталды. Сонымен қатар өзен жағалауын қоқыс-қалдықтармен ластаған жекеменшік үй иелеріне қатысты 40-тан астам әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда