jasqazaq.kz

Екі бала ата-анасының көз алдында суға батып кетті (видео)

02 маусым 2021, 10:31

Солтүстік Қазақстан облысы Мерген ауылында 9 және 11 жастағы інісі мен әпкесі суға батып кетті. Бұл туралы  «Аstanatv» телеарнасы хабарлайды.

Көп балалы отбасы: бес баласы мен ата-анасы жасанды су айдыны жағасында демалып жүрген. Екі үлкен баласы шомылуға кеткен, ал анасы кішкентай баласын емізу үшін жағада қалған.

«Анасының айтуынша, ол баласын емізу үшін шатырқа барған және сол кезде үлкен балаларын ұмытып кеткен. Ол шатырдан шыққан кезде, ұлы жағада қимылсыз жатқанын көрген. Өгей әкесі баланы шығарып алып, судан қызын іздеуге тырысқан», — деді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қанғожинов.

Бірақ қызды іздеу үшін құтқарушылардың жұмылуына тура келген. Олар оны екі метр тереңнен тапты. Құтқарушылар шұңқыр шаруашылық қажеттіліктер үшін жасанды түрде жасалғанын және оған жүзуге тыйым салынғанын айтты. Қайғылы жағдайға су түбінің тік қазылғаны себеп болуы да мүмкін. Балалар жүзе алмайтындарын түсінген соң артқа қайтуға бет алған. Бірақ шыға алмаған. Сондай-ақ, балаладың өгей әкесі сол кезде мас күйінде болғаны анықталды.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде