jasqazaq.kz

Екі аяғын пойыз басып кеткен әйел үйіне дейін еңбектеп жеткен

24 қантар 2020, 18:25

63 жастағы Қарағанды тұрғыны теміржолдан өтемін деп екі аяғынан айырылды. Алайда, соған қарамастан әйел адам үйіне дейін еңбектеп жеткен.Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды. 

Жантүршігерлік оқиға болған жерде, теміржолдан өту үшін адамдарға күнделікті вагондардың астымен еңбектеп өтуге тура келеді. Әйел адам вагондардың жалғанған жерінен өтіп бара жатқан. Сол сәтте пойыз жүріп кетіп, екі аяғын табан тұсынан басып өткен деп мәлім етті «Еуразия бірінші арнасы».

Есін жиған ол бар күшін жинап, өз үйіне дейін еңбектеп жеткен.

Әйел адам шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, аман қалды. Алайда, аяқтарын жіліншік тұсынан кесіп алып тастауға тура келген.

Құқық қорғау органдары пойыз жүргізушісінен жауап алынғанын жеткізді. Қажетті сараптамалар тағайындалған.

Жергілікті тұрғындар теміржол өткеліне қатысты мәселенің бұрыннан бері көтеріліп келе жатқанын, алайда, ешбір шешімі табылмайтынын алға тартады. Айтуларынша, бұл ауданда дені дұрыс теміржол өткелі жоқ, сол себепті үлкендер де, кішкентай балалар да вагондардың жалғанған жерінен еңбектеп өтуге мәжбүр. Жиналған қалың қардың кесірінен пойызды айналып өту мүмкін емес. Сорақысы сол – бұл мәселенің туындағанына 30 жылдан асыпты.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық