jasqazaq.kz

Екі автобус соғысып, 9 адам зардап шекті

28 ақпан 2018, 11:37

Алматыда екі автобус пен Toyota көлігі соқтығысты, — деп хабарлайды СТВ арнасындағы «Территория происшествий» бағдарламасының тілшісі. Оқиға Шаңырақ ықшамауданындағы Шәріпов көшесінде болған.

Куәгерлердің сөзінше, ЖКО ауа райының қолайсыздығынан болуы мүмкін. № 25 бағыттағы автобус жүргізушісі солтүстікке бет алып келе жатып, ұзақ бұрылыста рөлге ие бола алмай қалған. Көктайғақ салдарынан оңтүстікке қарай жүріп келе жатқан ол №102 бағыттағы автобусқа соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан тоғыз адам зардап шекті.

Автобус жүргізушілері полицейлерге оқиғаның қалай болғанын баяндап тұрған кезде автобустардың біріне жеңіл көлік соғылған.

«Оқиға орнында тексеріс жүріп жатқанда автобустардың біріне Toyota Camry маркалы көлік соғылды. Жүргізушісі зардап шеккен жоқ», — дейді куәгерлер. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

tengrinews.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде