jasqazaq.kz

Екі апта бұрын жоғалып кеткен оқушы қыз табылды

01 желтоқсан 2017, 15:11

Алматы облысында полицейлер үйінен қашып кеткен 14 жасар оқушыны іздеп тапты, деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сүйеніп Stan.kz .

Облыстық департаменттің мәліметі бойынша, 14 қараша күні Ескелді ауданының полициясына Бақтыбай ауылының ерлі-зайыптысы жүгінген. Олар қыздарының жоғалып кеткенін айтқан екен.

Белгілі болғандай, оқушы 12 қараша күні ата-анасымен бірге Талдықорғанға барған кезде жоғалып кеткен. Қыздың әке-шешесінің айтуынша, қыздары үйден қашып кетуді әдетке айналдырған. Бұдан мектеп мұғалімдері мен ювеналды полиция қызметкерлері де хабардар болыпты.

Ескелді ауданының полиция қызметкерлері облыс орталығындағы әріптестерімен бірлесе отырып ауқымды іздеу шараларын ұйымдастырды. Нәтижесінде 28 қарашадан 29-на қараған түні оқушы қызды тауып алған. Ол Талдықорғандағы ойын-сауық орталықтарының бірінен табылыпты.

«Қыз осы уақытқа дейін құрбыларының үйінде болғанын айтты. Ол жақын арада ата-анасының қасына қайтып оралуды ойламаған. Мектеп оқушысы Ескелді АІІБ-ге жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды», — деп мәлімдеді баспасөз қызметіндегілер.

Оқушы қызбен кезекті рет профилактикалық әңгіме жүргізілді.

24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды