jasqazaq.kz

Екі әйел 16 жастағы қызды соққыға жыққан

14 мамыр 2021, 10:06

Алматы облысында аялдамада 16 жастағы қызды екі әйел ұрып-соқты. Жасөспірім Алматы балалар ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлайды. 

Әлеуметтік желілерде зардап шеккен жасөспірімнің суреті тарап жатыр. Жазба сипаттамасында оқиғаның Боралдай кентіндегі «Сахарный» аялдамасында болғаны айтылған. Жәбірленушінің анасы оқиға куәгерлерін іздестіріп жатыр.

«Екі әйел кәмелетке толмаған қызды ұрып-соққан, жолда кептеліс болғандықтан куәгерлер көп болу керек. Қыздың миы шайқалған. Көліктің көбінде бейнебақылау бар, зардап шеккен қыз адамдардың видеоға түсіріп жатқанын айтқан», — делінген жазбада.

Алматы облысының полиция қызметкерлері оқиға 13 мамырда сағат 18.35 шамасында Боралдай кентіндегі Космонавт көшесіндегі аялдамада болғанын айтты.

«Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал болып, екі әйел кәмелетке толмаған қызды ұрып-соққан. Кейін қылмыс орнынан таксимен қашып кеткен. 16 жастағы жәбірленуші Алматыдағы № 1 қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Дерек Іле ауданы полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі уақытта күдіктілердің орналасқан жерін анықтау және оларды ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр», — деді полиция өкілі.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Боралдай | Алматинская область (@boraldai.news)

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде