Шымкентте екі адамды өлтірген деген күдікпен 20 жастағы жігіт ұсталды. Ол Түркістан облысының тұрғыны болып шықты. Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сезікті қылмыс жасағаннан кейін бір тәуліктен соң қолға түскен. «Аса ауыр қылмысты жасады деген күдіктіні Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлерімен ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмысты жасауға күдікті мен ер азаматтың арасындағы тұрмыстық жанжал себеп болған. Сезіктінің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тағайындалған сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес белгілі болады. Аталған жайт Қылмыстық Кодекстің 99-бабы (Адам өлтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Айғақты заттар тәркіленіп алынды» делінген хабарламада.