jasqazaq.kz

Екатеринбург — Алматы тасжолында 3 тонна жанармай төгілді (Видео)

02 маусым 2021, 15:43

Аршалы ауданы аумағында «Екатеринбург-Алматы» тасжолының бойында бензин тасымалдайтын «DAF» көлігінің цистернасына тесіліп, 3 тонна бензин төгілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, төтенше жағдай маусымның 1-де Жібек жолы аумағы арқылы өтетін «Екатеринбург-Алматы» тасжолының 1289-шақырымында болған. Бұл туралы сол күні сағат 15:30 кезінде Аршалы аудандық полициясының кезекші бөліміне хабарланды. Анықталғандай, жүргізуші тиелген 7 тонна жанар-жағармайды Нұр-Сұлтан қаласына апара жатқан.

Жолда цистерна тесіліп, 3 тонна жуық жанармай тасжолдың үстіне төгілді. Бұл өз кезегінде өзге көліктердің жүруіне қауіп төндірді.

«Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары жолдың аталмыш учаскесін уақытша жапты. Кейін өрт сөндірушілер жетіп, жанармай төгілген жерді сумен шайып, құм шашты. Жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 630-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», — деді ведомстводан.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия