jasqazaq.kz

«Эйр Aстанaның» әуе паркі тағы бір ұшақпен толықты

15 желтоқсан 2022, 13:14

«Эйр Aстанa» компаниялар тобының президенті Питер Фостер әзілге шебер болып шықты. «Нағыз өмір қырықтан кейін басталады» дейді халық даналығы, олай болса біз бүгін жиырма жасқа толдық, оның үстіне қырқыншы Airbus A321LR әуе кемесіне қол жеткізіп отырмыз»,- деді ол сөзінің басында.

Ең жаңа ұшақ бүгін түнде тікелей Гамбург зауытынан келіп жетті. Бүгінгі таңда Air Astana әуекомпаниясының маршруттық желісі 42 бағытты (27 халықаралық және 15 ішкі), FlyArystan-ның — 34 бағытты (8 халықаралық және 26 ішкі) қамтиды. Air Astana биыл Ираклион мен Бодрумға жаңа тұрақты рейстерді ашты. Сонымен қатар Алматыдан Бангкок пен Бейжіңге рейстерді жандандырды. FlyArystan Ақтаудан Баку мен Ыстамбұлға рейстерді іске қосып, Шымкент-Кутаиси, Ақтау-Дубай және Шымкент-Дубай рейстерін қалпына келтірді. Келесі жылы Air Astana әуекомпаниясы Медина мен Тель-Авивке рейстерді ашуды жоспарлап отыр.

«Биыл мерейтойлық жылы Air Astana әуекомпаниясы FlyArystanға тиесілі екі Airbus A320 ұшағына C2-чек техникалық қызмет көрсетудің тереңдетілген түрін өздігінен орындады. Біз 10-шы рет «Орталық Азия мен ТМД-дағы үздік әуекомпания» номинациясы бойынша беделді Skytrax сыйлығына ие болдық, бұл жоғары сапа стандарттарына адал екенімізді дәлелдеді. Біз жаһандық және жергілікті қиындықтарға қарамастан, жаңа жетістіктердің негізін қалап, аймақтық және халықаралық нарықтарда өз орнымызды нығайта алдық. Біздің паркке Airbus A321LR және Boeing-787 сияқты озық ұшақтары қосылуымен болашағымыз зор болатынына кәміл сенеміз», — деді Air Astana тобының президенті Питер Фостер.

Ұшақтың тұсаукесеріне қатысқан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Air Astana әуе компаниясын 20 жылдық мерейтойымен құттықтай келе: «Қазір бұл авиакомпанияда жолаушылар ағыны ұлғаюның оң динамикасы байқалып отыр. 2002 жылы Air Astana әуе кемелері паркінде небәрі 3 ұшақ болған еді. Бүгінде еліміздің ішкі тұрақты әуе тасымалдарын орындайтын барлық ұшақтың жартысына жуығы Air Astanaға тиесілі. Соныме қатар, бұл компанияда бүгінгі таңда бес мыңнан астам біліктілігі жоғары маман еңбек етуде», — деді.

Сонымен қатар, FlyArystan өз паркін үш Airbus A320 ұшаққа көбейтті және жыл соңына дейін тағы бір Airbus A320neo ұшағы әкелінеді. Бүгінгі таңда әуекомпаниялар тобының паркінде жалпы 42 ұшақ бар. Олардың орташа жасы 5 жыл, бұл әлемдегі ең жаңа флоттарының бірі. Келесі жылы Air Astana компаниялар тобының паркі алты ұшаққа ұлғаюы жоспарланып жатыр. Биыл Air Lease корпорациясымен 2025 жылдан бастап операциялық лизингке үш жаңа кең фюзеляжды Boeing 787-9 Dreamliner ұшағын жеткізу туралы келісімге қол қойылған көрінеді.

Air Astana әуе компаниясының бапасөз қызметі хабарлағандай, «2002 жылдан бері 60 миллионнан астам жолаушы мен 280 000 астам тонна жүк пен поштаны тасымалданды. Жыл соңына дейін 7 миллионнан астам жолаушы тасымалдау жоспарлануда. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 12 пайызға артық. Ағымдағы жылдың 10 айындағы таза пайда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 84 пайызға өсіп, 65 миллион АҚШ долларын құрады».

Абзал Ибрагим,
Астана

15 маусым, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
15 маусым, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
15 маусым, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
15 маусым, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка