jasqazaq.kz

«Эйр Астана» және S7 кодшерингтік келісімге қол қойды

25 шiлде 2019, 14:18


15 шілдеде «Эйр Астана» мен ресейлік S7 әуе компаниясы кодшерингтік келісімге қол қойды. Енді әуе компаниялары Нұр-Сұлтаннан / Алматы — Новосибирск / Санкт-Петербург және одан кері бағыттарда бірлескен рейстер ұшырады. Келісім екі авиатасымалдаушының жолаушыларына біріктірілген бағыттар желісі бойынша жүруге мүмкіндік береді. S7 жолаушылары Новосибирскіден Қазақстан астанасына аптасына 10 рейске қол жеткізеді. Әр бағыт бойынша жиіліктің ұлғаюы түйісу уақытын оңтайландыруға және сәйкесінше ұшудың жалпы уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Осы тәрізді, «Эйр Астана» жолаушылары Новосибирскіден түйісу рейстерін үлкен таңдауға рұқсат алады. Сонымен, Нұр-Сұлтаннан немесе Алматыдан, мысалы, Стокгольмға сапар шегетін жолаушылар енді Санкт-Петербургтегі S7 өсіп жатқан хабын пайдалана алады.
«Ресей — Қазақстаннан жолаушылар тасымалы үшін маңызды нарық. Біздің серіктестік есебінен Ресейдегі қатысуды кеңейтудің үлкен басымдықтарын көріп отырмыз. Біз S7 Airlines жолаушыларын «Эйр Астана» әуекомпаниясының бортында қабылдауға және оларға Skytrax-тың төрт жұлдызымен белгіленген сервис деңгейін ұсынуға қуаныштымыз. Кодшерингтік келісім аясында рейстердің басталуы біздің бұдан әрі дамуды жоспарлап отырған ынтымақтастығымыздың дамуындағы маңызды қадам болып табылады», — деді «Эйр Астана»маркетинг және сату жөніндегі вице-президенті Ричард Леджер.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда