
2019 жылғы 7 сәуірде «Эйр Астана» Ыстамбұлға ұшатын барлық рейстерді Ыстамбұлдағы жаңа әуежайына көшіреді.
Ататюрк атындағы әуежайдың жабылуына және жаңа әуежайға көшіруіне байланысты «Эйр Астана» 2019 жылғы 5-ші және 6-ші cәуірде келесі рейстерді орындамайды:
5 сәуіде КС869/870 Атырау-Ыстамбұл-Атырау және КС 911/912 Алматы-Ыстамбұл-Алматы;
6 сәуірде: КС 911/912 Алматы- Ыстамбұл -Алматы және КС 917/918 Астана- Ыстамбұл -Астана.
Бұл күнгі рейстерге билет сатуы ұшұға дейін бір ай бұрын тоқтатылған.
Естеріңізге саламыз, Ыстамбұлдан ұшатын рейстерге тіркеу кесте бойынша ұшуға 1 cағат бұрын аяқталады. Әуекомпания тіркеуден және қауіпсіздік тексерісінен өту үшін әуежайға алдын ала келулерін сұрайды.
Қазіргі таңда «Эйр Астана» Ыстамбұлға Алматыдан күн сайын, Астанадан аптасына 5 рет, Атыраудан 2 рет қатынайды.
Ыстамбұлдың жаңа әуежайы қаланың еуропалық бөлігінің солтүстігінде 35 шақырымдық қашықтықта орналасқан.