jasqazaq.kz

«Эйр Астана» үшінші Embraer 190-E2 ұшағын сатып алды

24 мамыр 2019, 14:17

Әуелайнер тікелей Бразилиядағы зауыттан ұшып келді. Бұл операциялық лизингке тапсырыс берілген 5 ұшақтан үшіншісі. Қалған әуе кемелері 2019 жылы ішінде ұшып келмек.

Әуе кемесі екі қозғалтқышпен жабдықталған тар фюзеляжды реактивті ұшағына жатады. Ол қысқа және орта қашықтықта ұшуға арналған, ал ұшудың максималды қашықтығы- 5 300 км. Бұл E190 салыстырғанда 1 000 шақырымға алысырақ. Е2 ұшағының аэродинамикасы жақсарған, фюзеляжы мен қанаттары өзгерген және PW GTF (АҚШ) қозғалтқыштарымен жабдықталған. Сонымен қатар, әуе кемесі үнемді, төмен зиянды заттар шығарылымымен және шуыл деңгейімен ерекшеленеді.

Ұшақ салонында 108 орын бар және сымсыз ойын-сауық жүйесімен жабдықталады. Ол арқылы жолаушылар өздерінің құрылғыларында фильм көріп, музыка тыңдай алады.

Жаңа Embraer 190-E2 ұшағының бірінші коммерциялық рейсі 1 маусымда Алматы-Нұр-Cұлтан-Алматы бағытында орындалады. Әуелайнер Қазақстан бойынша, сонымен қатар Ресей қалаларына, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Гүржістан, Украина астаналарына және Қытайға Үрімші қаласына рейстер орындайтын болады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда