jasqazaq.kz

«Эйр Астана» — World Travel Catering & Onboard Services Expo (WTCE) 2019 көрмесінің жеңімпазы

09 сәуiр 2019, 12:53

1 және 4 cәуір аралығында Гамбургте өткен борттағы тағам мен қызметтердің дүниежүзілік көрмесінде «Эйр Астана» барлық ұсынған санаттарда марапаттарға ие болды. Әлеумет бизнес және эконом-кластың жол жиынтықтарын, оған қоса балалар жиынтықтарын жоғары бағалады. Балаларға арналған жол жиынтықтары бірден үш беделді марапатты жеңіп алды: Travel Plus, Onboard Hospitality және PAX International. Одан басқа, әуекомпания PAX International салалық басылым оқырмандарының пайымдауынша ТМД елдері арасында «Тасымалдаушының ерекше тағамы 2019» марапатын ұтып алды.

WTCE борттағы тағам, сауда мен жолаушылар қолайлықтары саласындағы басты жаһандық шара. 350 астам жеткізушінің өнімдері мен қызметтері ұсынылатын жылдағы оқиға Гамбургте өткізіледі. Көрмеге 800 астам әуекомпаниялары мен теміржол компаниялары қатысады. WTCE шеңберінде жолаушыларға қызмет көрсету сапасы туралы конференция, ұшақ интерьрі және жолаушы тасымал саласындағы технологиялық шешімдер көрмесі өтеді.

«Эйр Астана» «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының және BAE Systems компаниясының 51% және 49% тиісті үлестері бар бірлескен кәсіпорны болып табылады. Тұрақты рейстерді 2002 жылдың 15 мамырында орындай бастады және 60 астам халықаралық және ішкі бағыттарында ұшады. Компанияның әуе флоты Boeing 767/757, Airbus A320/А321 және Embraer E190 33 ұшақтан тұрады. «Эйр Астана» ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі тасымалдаушылардың арасында Skytrax халықаралық агенттігінің 2012 жылы беделді 4 жұлдызды рейтингін және «Орталық Азиядағы және Үндістандағы ең үздің әуе компания» сыйлығының 7 дүркін лауреаты. «Эйр Астана» tripadvisor сайтының travelers’ choice awards 2018/2019 сыйлығының «Аймақтық Азия тасымалдаушысы» cанатының екі дүркін жеңімпазы атанды.

«Эйр Астана» АҚ корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департаменті.

Телефон: 8 (727) 2 584135 (ішкі 1790)

E-mail:media@airastana.com

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда