jasqazaq.kz

«Эйр Астана» TRIPADVISOR нұсқауы бойынша жетекші аймақтық әуекомпаниясы атанды

03 сәуiр 2019, 15:48

Дүниежүзілік саяхаттар сайты TripAdvisor «Эйр Астананы» Travelers’ Choice Awards 2019 сыйлығының «Аймақтық Азия тасымалдаушысы» санатының және «Азиядағы жолаушы жайлылығы» санатының жеңімпазы деп мойындады.

Саяхаттаушылар борттағы қызмет көрсетуді, салондағы тазалықты, тамақ пен сусындарды, креслолар жайлылығын, кресло арасындағы қашықтығын, баға мен сапаның үздік ара қатысын, тіркеуді және компанияның ойын-cауық жүйесін жоғары бағалады. Үздік тасымалдаушылар 2018 жылы iшінде әлем бойынша көрсетілген рейтинг пен пікірлер саны мен сапасын ескеретін алгоритм бойынша анықталған.

«Біздің әуекомпания сервистің ең жоғарғы стандарттарына үздіксіз ұмтылады, және «Эйр Астана» осы марапаттың иегері болғанына қуаныштымыз, — деді компания президенті Питер Фостер. TripAdvisor сайтында біздің рейспен ұшқаннан кейін пікір қалдырған әрбір жолаушымызға шын жүректен алғыс айтқым келеді және одан арғы қолдауына сенімдімін».

«Эйр Астана» туралы пікірлерге сілтеме: https://www.tripadvisor.co.uk/Airline_Review-d8728936-Reviews-Air-Astana

Жеңімпаз әуекомпаниялардың толық тізіміне сілтеме: https://www.tripadvisor.com/TravelersChoice-Airlines.

TRAVELERS’ CHOICE AWARDS туралы:

Travelers’ Choice Awards марапаты 7 аймақтағы әуекомпанияларға беріледі, оның ішінде Азия, Еуропа, Солтүстік Америка, Латын Америка, Оңтүстік-Тынық Мұхит аймағы, Таяу Шығыс. Марапат қызмет көрсетудің 4 класында анықталады. Олар: халықаралық бірінші класс, бизнес-класс, премиум эконом-класс және эконом-класс. Жеңімпаздарға қойылатын талаптар – үздіксіз қызмет көрсету, сапалы қызмет, баға мен сервистің сәйкестігі.

«Эйр Астана» АҚ корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департаменті.

Телефон: 8 (727) 2 584135 (ішкі 1790)

E-mail:media@airastana.com

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда