jasqazaq.kz

«Эйр Астана» Ресеймен тұрақты рейстерді қалпына келтіреді

23 қыркүйек 2020, 10:13

Әуе компаниясының Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге (Домодедово) тікелей рейстері 2020 жылдың 26 қыркүйегінен бастап аптасына бір рет, сәрсенбі күндері орындалады.

Ұшулар жайлы Boeing 767 лайнерімен орындалады.

Нұр-Сұлтаннан ұшақ 21.40-та ұшып, Мәскеуге 22.15-те ұшып барады.

Мәскеуден ұшақ 23.15-те ұшып, Нұр-Сұлтанға сағат 05: 35-те ұшып келеді. (Бәрі жергілікті уақыт бойынша)

Әзірше бұл рейске тек Қазақстан мен Ресей Федерациясының азаматтары, және ҚР тұруғы ықтиярхаты бар адамдар қабылданады.

Мәскеуге баратын қазақстандықтар сауалнаманы өтіп, қолдарында рейске 3 күннен бұрын емес коронавирус жоқ деген ПЦР-тестінің анықтамасы болуы керек. Еңбек ету мақсатымен баратын азаматтар екі апта ішінде үйдегі карантинде отыруы керек.

Мәскеуге баратын Ресей азаматтары билет сатып алғанда, бірақ рейске тіркелуге дейін «Госуслуги» порталында сауалнаманы толтыруы қажет. Оған қоса, 72 сағат ішінде Ресей азаматтары коронавирус бар-жоғын анықтайтын ПЦР-тестіні жасап, нәтижелерін «Госуслуги» порталына салып қою керек.

Ресейлік жолаушылар Қазақстанға келгеннен кейін 48 сағат ішінде коронавирус тексеретін тесттен немесе 14 күндік үйдегі карантиннен өтуі керек. Егер Қазақстанға кіргенде осындай анықтаманы алғанына 5 күн өтпеген жағдайда, оны Қазақстанда қайта алдырудың қажеті жоқ.

Үшінші елдерге Мәскеу арқылы транзитке уақытша тыйым салынған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық