jasqazaq.kz

«Эйр Астана» мәскеулік рейстерді Домодедово әуежайына ауыстырады

21 тамыз 2019, 16:24

Қазақстанның ірі әуе тасымалдаушысы «Эйр Астана» әуекомпаниясы 2019 жылғы 27 қазаннан бастап өзінің мәскеулік рейстерін Домодедово әуежайына (1 терминал) ауыстыруы туралы хабарлайды. Рейстерді ауыстыру іркіліссіз жүзеге асырылатын болады.

Әуежайды ауыстыру Нұр-Сұлтаннан (қысқы кезеңде апта сайынғы 11 рейс) және Алматыдан (қысқы кезеңде апта сайынғы 14 рейс) орындалатын рейстерге қатысты. «Эйр Астана» әуекомпаниясының брондау жүйесіне 2019 жылғы 27 қазаннан бастап орындалатын рейстерге байланысты өзгерістер енгізілді.

Ресей астанасында базалық әуежайдың ауысуы, ең алдымен, S7 әуекомпаниясымен кодшерингтік келісімді жасағанымен байланысты және Домодедово сол әуетасымалдаушысы үшін негізгі көлік торабы болып табылады.

Мәскеудің оңтүстігінде орналасқан Домодедово әуежайы 2018 жылы 29,4 миллион жолаушыға қызмет көрсетті. Бұл 202 бағыт бойынша ұшатын 50 ірі әуе тасымалдаушысы енетін OneWorld және Star Alliance жаһандық одақтар мүшелері үшін базалық әуежай. Сондай-ақ, әуежай Қазақстан, Новосибирск және Санкт-Петербург арасындағы рейстерді орындау бойынша Air Astana жақында кодшерингті келісімге қол қойған

Домодедово әуежайының терминалы 190 000 м2 алаңды иеленеді, онда 140 астам дүкен, дәмхана, бар мен мейрамхана, сондай-ақ тегін Wi-Fi бар. Әуежайдың «бір шатырдың астында» тұжырымдамасы халықаралық және ішкі рейстерге бір терминалда қызмет көрсетілетіндігін білдіреді. Бұл транзиттік жолаушылар үшін уақыт үнемдеуді және қолайлылықты қамтамасыз ете отырып, әуежайдың өткізу қабілетін арттырады.

Әуежайдан Мәскеудің орталығына (Павелецкая станциясы) дейін такси мен экспресс-автобустардан бөлек, Aeroexpress жедел пойызында 40 минутта жетуге болады.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда