jasqazaq.kz

«Эйр Астана» халықаралық рейстерін қалпына келтіруде

16 маусым 2020, 17:42

«Эйр Астана» 20 маусымнан бастап мынадай бағыттар бойынша тұрақты әуебайланысын жандандырады:

20 маусым — Алматы-Анталия-Алматы

20 маусым – Нұр-Сұлтан-Ыстанбұл- Нұр-Сұлтан

21 маусым — Алматы- Ыстанбұл -Алматы

21 маусым – Нұр-Сұлтан -Анталия- Нұр-Сұлтан

23 маусым -Атырау- Ыстанбұл -Атырау

1 шілде-Алматы-Тбилиси-Алматы

8 маусымнан Алматы мен Сеул арасында апта сайынғы репатриациялық рейстер орындала бастады және 1 шілдеден бұл бағыттағы ұшу жиілігі аптасына 3 рейске дейін ұлғаяды.

3 шілденен бастап Алматы-Батуми бағытымен Қара теңіз жағалауына жаңа тұрақты рейс ашылады.

Халықаралық рейстер, негізінде, Airbus A320/A321 және Embraer E190-E2 әуе кемелерімен орындалады.

«Эйр Астана» Алматы мен Нұр-Сұлтан арасындағы рейстерді 1 мамырда жандандырды, ал Қазақстан аймақтарына маршруттық желіні мамырдың ортасында қалпына келтірді.

Қытай, Оңтүстік Корея және Грузиядан ұшып келетін жолаушыларымыз термометрияны өтіп, медициналық сауалнаманы толтыруы тиіс.

Түркиядан келгендер термометрия мен сауалдаумен қоса тиісті анықтамасы болмаған жағдайда СOVID-19 тестін ұшып келгеннен 48 сағат ішінде тапсыруы тиіс.

Мұндай талаптардан тек Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациялары, Қ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің шақыруымен келетін шетел елдердің ресми делегацияларына және халықаралық делегацияларына мүшелері, дипломатиялық өкілдіктердің, консулдық ұйымдардың және Қазақстан Республикасында аккредиттелген халықаралық ұйымдардың қызметкерлері және олардың отбасына мүшелері, сондай-ақ әуе компаниялары экипаждары босатылады.

Бұдан басқа, шетелге ұшатын Қазақстан азаматтарына баратын елдің санитарлық талаптарын өз бетімен анықтап алулары тиіс.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде