jasqazaq.kz

«Эйр Астана» FlyArystan атты бюджеттік әуекомпанияны іске қоспақ

07 қараша 2018, 15:34

«Эйр Астана» 2019 жылдың бірінші жартысында FlyArystan атты бюджеттік әуекомпанияны құратыны туралы хабарлайды. FlyArystan әуепаркі эконом-кластағы 180 орынмен жабдықталған Airbus А320 ұшақтарынан тұратын болады. Бюджеттік әуекомпания Easyjet, Indigo, Cebu Pacific және Air Asia сияқты сәтті лоукостерлерді үлгі тұтып, лоукосттің классикалық үлгісі бойынша қызмет көрсетеді. FlyArystan нарықтағы бағалардан шамамен екі есе төмен авиабилеттерді ішкі бағыттарда сататын болады. Орта мерзімде бағыттық желі аймақтық шетел бағыттарымен толығатын болады.

Бастапқыда FlyArystan 4 ұшақты пайдаланып, 2022 жылға дейін әуе флоты 15 ұшаққа дейін кеңейетін болады. Әуекомпания рейстерді Қазақстанның бірқатар қалаларынан жасайды. Бағыттық желі туралы мәлімет бірнеше ай ішінде белгілі болмақ.

FlyArystan басшылығы «Эйр Астанада» 16 жыл бойы істеп келе жатқан жергілікті аға менеджерлерінен құралады. Ұжымға Cebu Pacific және Virgin Blue әуекомпанияларында 15 жылдан астам басқарушы қызметін атқарған Тим Джордан жетекшілік етеді.

FlyArystan «Эйр Астанадан» қызмет көрсету тәртібімен ерекшеленетін бюджеттік әуекомпания болғанымен, «Эйр Астана» бөлімшесі ретінде барлық қауіпсіздік пен сенімділік стандарттарына сәйкес екені туралы атап өту керек. «Эйр Астана» ұстанатын жоғары қауіпсіздік стандарттары мен реттеушілік үрдістері автоматты түрде FlyArystan компаниясында да қолданылады. «Эйр Астана» сияқты жаңа компания да толықтай өзін-өзі қаржыландыратын болады. FlyArystan акционерлер инвестициясын, мемлекеттік субсидия мен қандай да бір сыртқы қаржылай көмекті керек етпейді.

Питер Фостер, «Эйр Астана» президенті: «FlyArystan толыққанды зерттеу мен ішкі бизнес жоспарлау нәтижесінде және тез ауыспалы жергілікті және аймақтық әуетасымалдау нарығының салдарынан туып отыр. Бюджеттік әуекомпанияның іске қосылуы «Эйр Астананың» қысқа және ұзақ мерзімді дамуына оң әсер ететініне, сонымен қатар төмен бағамен ішкі және аймақтық бағыттарда сапар етуге мүмкіндік алатын жергілікті туристер үшін көптен күткен жаңалық болатынына сенімдіміз».

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді