
«Эйр Астана» әуе компаниясы Пәкістанның Азаматтық авиация басқармасының хабарламасы бойынша елдегі әуе кеңістігі ашылғаны туралы қауана хабарлайды. Осыған орай, тасымалдаушы Қазақстан мен Үндістан арасындағы рейстерді толық көлемде қайта іске қосуды қарастыруда.
Қазіргі уақытта «Эйр Астана» Алматы-Дели-Алматы бағыты бойынша аптасына 4 рейс орындауда.
Басқа рейстердің іске қосылуы туралы қосымша хабарланатын болады.