
«Эйр Астананың» Дели бағыты бойынша ұшуға жоспарланған барлық рейстер 2019 жылғы 1 наурызына дейін Пәкістанның әуе кеңістігі жабылуына байланысты орындалмайды. Бұл туралы «Эйр Астана» баспасөз қызметі хабарлайды.
«Эйр Астана» колл-центрі жолаушыларды тасымалдаудың барлық жолдарын шұғыл түрде қарастыруда. Соның ішінде, форс-мажор жағдайларын реттейтін ИАТА ережелеріне сәйкес басқа әуе тасымалдаушылардың көмегімен тасымалдау да қарастырылуда.
27 ақпандағы КС908 Дели-Алматы рейсі қазіргі кезде Пәкістанның әуе кеңістігінен тыс Оман королдігінің астанасы Маскат әуежайы бағытында ұшты, ол жерден отынды үстеп құйып, ары қарай Алматыға ұшып барады. Алматығы жергілікті уақыт бойынша 17:22 қонады деп күтуліде.