jasqazaq.kz

«Эйр Астана» әуепаркіне бірінші Embraer 190-Е2 қосылды

14 желтоқсан 2018, 15:37

2018 жылы 14 желтоқсанда Нұрсұлтан Назарбаев әуежайында орналасқан «Эйр Астананың» авиациялық-техникалық орталығында жаңа Embraer 190-E2 ұшағының тұсаукесері өтті. Әуекомпания осындай тағы төрт ұшаққа келесі жылға тапсырма беріп қойды. Тұсаукесерге әуекомпания басшылығы, акционерлер, үкімет және дипломатиялық корпус мүшелері, журналистер, сонымен қатар әуекомпанияның қызметкерлері және серіктестері қатысты.

Е2 тікелей Бразилиядағы өндіруші зауыттан ұшып келді. Әуе кемесі екі қозғалтқышпен жабдықталған тар фюзеляжды реактивті ұшағына жатады. Ол қысқа және орта қашықтықта ұшуға арналған, ал ұшудың максималды қашықтығы- 5 300 км. Бұл E190 салыстырғанда 1 000 шақырымға алысырақ. Е2 ұшағының аэродинамикасы жақсарған, фюзеляжы мен қанаттары өзгерген және PW GTF (АҚШ) қозғалтқыштарымен жабдықталған. Сонымен қатар, әуе кемесі үнемді, төмен зиянды заттар шығарылымымен және шуыл деңгейімен ерекшеленеді.

Ұшақта 108 орын бар. Ұшақ тұмсығына қар барысы бейнеленген. Бірегей ливреясымен «Эйр Астана» қар барысының Қазақстанда және әлемде жоғалу мәселесіне жұртшылық назарын аудармақ және экология жақсаруы мен қоршаған ортаны сақтау мәселелерін тағы да көтермекші.

«Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер: «Біздің компаниямыз тұңғыш Е190-Е2 ұшағын алуға қуанышты, және біз оның тез арадағы іске қосылуын және оған ұшқыштарымыздың ауысуын асыға күтеміз. Біз «Эмбраер» реактивті әуе кемелерімен жақсы таныспыз және жаңа буын ұшақтарына үнемділік, қоршаған ортаға ықпалы және жолаушыларымызға жайлылықтың жаңа деңгейі жағынан үмітпен қараймыз».

Embraer Commercial Aviation президенті Джон Слеттери: «Біз үшін ескі серіктестерінің тапсырысын орындау және жаңа буын ұшақтарын жеткізу үлкен құрмет. Біздің өніміміздің әуекомпанияның дамуына өз үлесін қосып жатқандығы бізге жағымды. Біздің әуе кемелерімізді таңдау біздің брендімізге сенімділік белгісі деп есептейміз».

«Эйр Астана» осы ұшақ үлгісінің ТМД-да алғаш пайдаланушысы. Осы әуекемелер 2011жылдан бері пайдаланып жатқан алдыңғы ұшақтарды кезең-кезеңмен ауыстырмақ. Embraer 190E-E2 Қазақстан ішінде, Ресейге, Орталық Азияға, Кавказға және Қытайға қатынамақ. Алғашқы рейс Астана-Алматы бағытымен 19 желтоқсанға жоспарланған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде