
«Эйр Астана» әуекомпаниясы Пәкістан мен Үндістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Делиге Нұр-Сұлтан мен Алматыдан ұшуларды 11 және 30 сәуір аралығында тоқтатуға мәжбүр.
Әуетасымалдаушы жағдайды мұқият бақылауда және әуе кеңістігі ашылғанда тұрақты рейстерді орындауды жалғастырмақ. 2019 жылғы 11-30 сәуірде Қазақстанға оралатын жолаушыларға әуекомпания билеттерін интерлайн-серіктестер рейстеріне қайта брондайды немесе жолаушылар билеттерін айыппұлсыз сатып алған орында немесе әуекомппанияның брондау және ақпарат орталығының сall.centre@airastana.com адресі не +7 (727) 2444477,+7 (717) 2584477 телефондары арқылы қайтара алады.