jasqazaq.kz

«Эйр Астана» әуекомпаниясы Құсайыновқа қатысты мәлімдеме берді

17 сәуiр 2019, 16:24

Биылғы жылдың 14 cәуірінде «Нұр-Сұлтан -Алматы» бағытындағы КС852 рейсінен ұшу ережесін бұзған жолаушы шығарылған.

Рейске отырғызу кезінде М.Құсайынов қатты сөйлеп, экипаж қызметкерлерін балағаттаған. Ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруіне байланысты экипаж оны тасымалдаудан бас тартқан. Ал өнер адамы әуекомпания қызметкерлерінің көзінше ол жердегі қызмет бойынша менеджердің маңдайынан қатты ұрып, денсаулығына зиян келтірді. «Эйр Астана» әуекомпаниясы жолаушылардың әуекомпания қызметкерлеріне құқыққа қайшы әрекеттеріне төзімділік көрсетпейтіні және жәбірленген қызметкеріне жан-жақты қолдау көрсететіні туралы мәлімдейді. Әуекомпания Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежай полициясының желілік бөлімшесіне сотқа дейінгі іс жүргізу және Құсайынов М. жауапкершілікке тарту туралы тиісті арызды жіберді.

«Эйр Астана» АҚ

Корпоративтік коммуникациялар департаменті

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда