jasqazaq.kz

«Эйр Астана» әуе компанияның коронавирустық инфекцияның өршуімен байланысты әрекеттері туралы хабарлайды

27 қантар 2020, 20:54

«Эйр Астана» Қытайға рейстері кесте бойынша орындалып жатқаны туралы хабарлайды. Бұрын хабарланғандай, коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуын болдырмау үшін «Эйр Астананың»  жолаушылары Қытай қалаларындағы және Алматы мен Нұр-Cұлтан қалаларындағы әуежайларда тепловизордан міндетті түрде өтеді.

Қытай билігі шетелге туристік топтарды жіберуді тоқтатты. Нәтижесінде Үрімші, Бейжің және Гонконг қалаларының туристік топтары халықаралық рейстерге, соның ішінде «Эйр Астана» әуекомпаниясының Қазақстанға және әуе компанияның басқа да бағыттары бойынша билеттерін қайтаруда. Осы бағытта (Үрімші, Бейжің, Гонконг) ұшатын жолаушылардың алаңдаушылығын ескере отырып, «Эйр Астана» бағытты өзгертуді, билетті қайта брондауды немесе қайтаруды айыппұлсыз жүзеге асырады. Ол үшін тәулік бойы істейтін брондау және ақпарат орталығына 244 4477 (Алматыда) және 58 4477 (Қазақстанның басқа қалаларында) телефондары арқылы, сондай-ақ +7 702 702 4477 және call.centre@airastana.com электрондық пошталары арқылы немесе билетті сатып алу орнына хабарласу керек. Әуе компаниясы жағдайды мұқият қадағалайды және өзгерістер туралы қосымша хабардар етеді.

Құрметпен,

«Эйр Астана» АҚ корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде