jasqazaq.kz

«Эйр Астана» APEX американдық қауымдастығының жоғары бағасын алды

26 қыркүйек 2018, 13:17

APEX (Airline Passenger Experience Association) американдық қауымдастығы «Эйр Астана» әуекомпаниясына «Ірі аймақтық әуекомпаниялар» номинациясы бойынша 5 жұлдызды рейтингін берді. Жеңімпаздар Бостонда 24 қыркүйекте марапаттау рәсімінде жарияланды.

Әуекомпаниялар рейтингі авиатасымалдаушылардың онлайн пікірлері негізінде қалыптасады. 500 әлемнің әеукомпанияларының миллионнан астам рейстері 5 санаты бойынша бағаланады: креслолардың жайлылығы, борттық қызмет көрсету, тамақ пен сусындар, ойын-сауық жүйесі мен wi-fi қызметі.

APEX дүнежүзі бойынша жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін бағалайтын еуропалық Skytrax агенттігінің американдық аналогы. Рейтинг авиациядағы ең беделді және мәртебелі болып есептеледі.

«Эйр Астана» Қазақстан Республикасының «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының және BAE Systems компаниясының 51% және 49% тиісті үлестері бар бірлескен кәсіпорны болып табылады.  «Эйр Астана» жүйелі түрде рейстерді орындауды 2002 жылдың 15 мамырында бастады және қазір 60 астам халықаралық және ішкі рейстерден тұратын маршруттық желіге ие. Компанияның әуе флоты батыста өндірілген Boeing 767-300ER, Boeing 757-200, Airbus A320, A320neo, A321neo және Embraer E190 33 ұшақтан тұрады. «Эйр Астана» ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі тасымалдаушылардың арасында Skytrax халықаралық агенттігінің 2012 жылы беделді 4 жұлдызды рейтингін және «Орталық Азиядағы және Үндістандағы ең үздің әуе компания» сыйлығын алған алғашқы компания болды. Екі сыйлық та 2013, 2014, 2015, 2016, 2017 және 2018 жылдары расталды.  «Эйр Астана» tripadvisor сайтының travelers’ choice awards 2018 сыйлығының  «Аймақтық Азия тасымалдаушысы» номинациясында жеңімпаз болып атанды.

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді