
APEX (Airline Passenger Experience Association) американдық қауымдастығы «Эйр Астана» әуекомпаниясына «Ірі әуекомпаниялар» номинациясы бойынша 5 жұлдызды рейтингін екінші рет берді. Жеңімпаздар Лос-Анжелес қаласында 9 қыркүйекте марапаттау рәсімінде жарияланған. Бұдан бір жыл бұрын әуекомпаниясы осы марапатқа алғаш рет ие болған.
Әуекомпаниялар рейтингі авиатасымалдаушылардың онлайн пікірлері негізінде қалыптасады. 600 әлемнің әеукомпанияларының миллионнан астам рейстері 5 санаты бойынша бағаланады: креслолардың жайлылығы, борттық қызмет көрсету, тамақ пен сусындар, ойын-сауық жүйесі мен wi-fi қызметі.
APEX дүнежүзі бойынша жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін бағалайтын еуропалық Skytrax агенттігінің американдық аналогы. Рейтинг авиациядағы ең беделді және мәртебелі болып есептеледі.
Фото: Елена Сергиенко