jasqazaq.kz

«Эйр Астана» апаттық режимде қонған ұшаққа қатысты түсінік берді

17 қыркүйек 2018, 14:52

«Эйр Астана» әуекомпаниясы Атырау-Астана бағыты бойынша КС 982 рейс 17 қыркүйек күні орындаған А320 ұшағы Астана әуежайына 17 сағат 17 минутта штаттық режимде қонғаны туралы хабарлайды.

Ұшар алдында әуе кемесі міндетті техникалық тексерістен өткен және рейске дайын болған. Ұшақтың және қозғалтқыштардың толық тоқтатылуынан кейін әуекомпанияның инженерлік қызметі сол жақтағы қозғалтқышта түтіндеуді байқады. Одан әрі экипаж бен жер бетіндегі қызмет рәсімдер бойынша әрекет жасаған және жағдайды толық бақылаған. Инженерлік қызметкерлер мен өрт сөндірушілер тобы өртті жедел жойды. Жолаушылар жағдай туралы хабардар етілген және траппен жедел шығарылған. Бортта 91 жолаушы мен экипаждың 8 мүшесі болды. Зардап шеккендер жоқ.

Оқиға нәтижесінен кейін тергеу жүргізіледі. Қазіргі уақытта қозғалтқыш ақау себебін анықтау үшін сараптамаға және жөндеуге жіберілген. «Эйр Астана» әуекомпаниясы үшін қауіпсіздік – негізгі басымдық, сондықтан жағдайды анықтау үшін барлық шаралар қолданады.

«Эйр Астана» АҚ

Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департаменті

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді