jasqazaq.kz

«Эйр Астана» ақпан айында Үрімші мен Бейжіңге ұшатын кейбір рейстерін қысқартады

28 қантар 2020, 14:29

Қытайда коронавирустың таралуына және салдарынан коммерциялық төмен жүктемеге байланысты «Эйр Астана» 6, 11 және 18 ақпанда Үрімшіге Нұр-Сұлтаннан жоспарланған рейсін және 8, 16 және 24 ақпанда Алматыдан жоспарланған рейсін, сонымен қатар Нұр-Сұлтаннан 22 ақпанда Бейжіңге жоспарланған рейсін, ал Алматыдан 19 және 26 ақпанда жоспарланған рейсін орындамайды.

Осы орындалмайтын рейстерінің жолаушыларына әуе компаниясы бағытты өзгертуді, билетті қайта брондауды немесе қайтаруды айыппұлсыз жүзеге асырады. Ол үшін тәулік бойы істейтін брондау және ақпарат орталығына 244 4477 (Алматыда) және 58 4477 (Қазақстанның басқа қалаларында) телефондары арқылы, сондай-ақ +7 702 702 4477 және call.centre@airastana.com электрондық поштаcы арқылы немесе билетті сатып алу орнына хабарласу керек.

Бүгінгі таңда «Эйр Астана» әуе компаниясы Нұр-Сұлтаннан Үрімші мен Бейжіңге аптасына 3 рейсті, Алматыдан Үрімшіге — 4, Бейжіңге — аптасына 5 рейсті орындайды. Ұшу кестесінде бұдан әрі өзгерістер болған жағдайда, әуе компаниясы қосымша хабарлайды.

Құрметпен,

«Эйр Астана» АҚ корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде