jasqazaq.kz

«Эйр Астана» 2018 жылы 5,3 миллион доллар пайда тапты

13 ақпан 2019, 12:36
Сурет авторы Елена Сергиенко

Сурет авторы Елена Сергиенко

Әуекомпанияның өткен жылғы таза пайдасы 5,3 млн. АҚШ долларды құрады. Оған кіріс және авиаотын құны өсуі себепші болды. Әуекомпанияның жалпы табысы 10% өсіп, 840,8 млн. АҚШ долларды құрады. Өткізу сыйымдылығы 5%, ал жалпы жолаушы тасқыны 3% үлкейіп, 4,3 млн. адам құрады. Астана және Алматы әужайлары арқылы транзиттік тасымал 48% ұлғайды. Бұл барлық халықаралық тасымалдың көлемінен дерлік 40% құрайды. Пайдалану шығысы 14% өсті. Ол негізінде авиациялық отынның орташа құнының 27,5% қымбаттануына байланысты болды.

«Эйр Астана» президенті Питер Фостер: «2018 жылы авиаотынның қымбаттануына және ішкі және халықаралық нарықта негізгі бағыттардағы бәсекелестіктің күшеюі кесірінен оңай болмады. Үстіміздегі жылы авиаотын 2018 жылғы маусымдағы ең жоғарғы құнымен салыстырғанда 16% арзандауы мүмкін. Сондай-ақ, FlyArystan бюджеттік бөлімшеміздің мамырда іске қосуын күтудеміз. Бюджеттік әуекомпания ішкі және аймақтық бағдарлардағы ұшуларға тамаша мүмкіндік береді. FlyArystan-ды қосуға қажет заңнамалық өзгерістерді қабылдағаннан кейін мүмкін болатын арзан тарифтер жолаушылардың көңілінен шықпақ».

«Эйр Астана» Қазақстан Республикасының «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының және BAE Systems компаниясының 51% және 49% тиісті үлестері бар бірлескен кәсіпорын. «Эйр Астана» жүйелі түрде рейстерді орындауды 2002 жылдың 15 мамырында бастады және қазір 60 астам халықаралық және ішкі рейстерден тұратын маршруттық желіге ие. Компанияның әуе флоты Boeing 767-300ER, Boeing 757-200, Airbus A320, A320neo, A321neo және Embraer E190/E190-E2 34 ұшақтан тұрады. Солардың ішінде 2 Airbus А321neo және 1 Embraer E190-Е2 2018 жылы алынған.

«Эйр Астана» ТМД және Шығыс Еуропа елдеріндегі тасымалдаушылардың арасында Skytrax халықаралық агенттігінің 2012 жылы беделді 4 жұлдызды рейтингін және «Орталық Азиядағы және Үндістандағы ең үздің әуе компания» сыйлығын алған алғашқы компания болды. Екі сыйлық та 2013, 2014, 2015, 2016, 2017 және 2018 жылдары расталды. «Эйр Астана» TripAdvisor сайтының Travelers’ Choice Awards 2018 сыйлығының «Аймақтық Азия тасымалдаушысы» номинациясында жеңімпаз атанды. 2018 жылы APEX (Airline Passenger Experience Association) американдық қауымдастығы «Эйр Астана» әуекомпаниясына «Ірі аймақтық әуекомпаниялар» номинациясы бойынша 5 жұлдызды рейтингін берді.

 

Құрметпен,

«Эйр Астана» АҚ

Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департамент

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде