
Астана күні қарсаңында «Эйр Астана» компаниясының екінші Airbus A320neo ұшағы келіп қонды, ал үшіншісі бір аптадан кейін күтілуде.
A320neo ұшақтары Қазақстан ішінде, және Қытайға, Үндістанға, Ресейге және Украинаға қатынайды.
Airbus A320neo (new engine option) тар фюзеляжды реактивті ұшақ тобына жатады және дербес ойын-сауық жүйесі бар эконом-кластың 162 креслосымен жабдықталған.
A320neo ұшағы А320 тобының жетілдірілген нұсқасы болып табылады. Бұл жоғары үнемді ұшақтар Pratt & Whitney жаңа қозғалтқыштарымен және қанат ұштарымен жабдықталған.
A320neo өз санытындағы ең тыныш лайнер болып есептеледі. A320neo кеңірек салон, сыймды жүк сөрелерін ұсынады және жарықдиодты технологиясы негізіндегі жарықтандырудың жаңа жүйесімен жабдықталған.
Қазіргі таңда «Эйр Астана» әуепаркінде Airbus тобының 17 ұшағы бар: оның ішінде 8 А320, 2 А320neo, 4 А321 және 3 А321neo.