
eGov.kz порталында әкімшілік полиция комитетінің мемлекеттік қызметтері қолжетімсіз. Бұл туралы ҰАТ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы» өкілдері ІІМ Ақпараттық-өндірістік орталығының мамандары жүргізген жұмыстарына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті ұсынатын мемлекеттік қызметтер электрондық үкімет порталында 2020 жылы қаңтардың 6-7 аралығында қолжетімсіз болатынын хабарлайды», — делінген хабарламада.
Автокөлікті тіркеу және жүргізуші куәлігін беру бойынша электрондық қызметтер, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша қызметтер көрсетілген кезеңде жұмыс істемейді.