jasqazaq.kz

Egov.kz порталында жаңа қызмет іске қосылды

26 маусым 2018, 12:21

Egov.kz-порталында жеке тұлғалардың жазбаларын тексеру үшін жаңа қызмет іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл сервис азаматтардың: тууы, өлім, неке қию, ажырасу, бала асырап алу, әкелігін анықтау, аты-жөнінің өзгеруі секілді барлық 7 оқиға қызметінің (оның ішінде 2008 жылға дейін жасалған) архивтегі акті жазбаларын цифрлауға және тексеруге мүмкіндік береді. Енді жоқ немесе дұрыс емес мәліметті түзетуді цифрландыру үшін мына сілтеме eGov.kz арқылы құжаттардың сканерленген көшірмесін жіберсеңіз, сол жеткілікті. Мысалы, Сіздің балаларыңыздың туу туралы актілік жазбасын тексеру кезінде, бала туралы деректер (тегі, аты, азаматтығы, ұлты, туған күні, ана мен әке туралы мәліметтер) ұсынылған бөлімінде дұрыс емес жазбалар енгізілгенін байқасаңыз, құжаттардың сканерленген көшірмелерін қойып, ақпаратты жаңартуға болады. Қызмет көрсетудің нәтижесі АХАЖ АЖ мәліметтерін жаңарту мәртебесі туралы ақпарат болып табылады. Қызметтің көрсетілуі мерзімі — 1 жұмыс күні, қызмет тегін көрсетіледі. Бұл сервис электрондық үкімет порталының басты бетінде орналасқан.

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді