jasqazaq.kz

Егізі дүниеге келгенде отағасы батпаққа батып мерт болды (видео)

20 сәуiр 2021, 14:46

Ақмола облысында 26 жастағы жігіт батпаққа батып мерт болды Ақмола облысында батпаққа батып кеткен жүк көлігінің тізгінінде 26 жастағы жолаушы болған. Елордадағы жеке компаниялардың біріне тиесілі көліктің жүргізушісі оқиға болған кезде сол жерде сыртта жүріпті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Нұрсұлтаннан Шортандыдағы құм карьеріне шыққан бес жүк көлігі батпақты жолмен өтіп кетіп, біреуі батып қалған. Сөніп тұрған көлікті трактормен жұлқи тартқан кезде жиектегі тереңдігі 2 метрдей суға ауып құлаған. Осы сәтте салонда жолаушы жігіт болған. Апат орнында болған бірнеше адам оны құтқаруға ұмтылған. Бірақ батпаққа тұншыққан жолаушы сол жерде көз жұмыпты. Дәл сол күні оның егіз сәбиі дүние есігін ашқан екен. «Альстрой Транс групп» фирмасының басшылары марқұмды мүлдем танымаймыз деп отыр. Кездейсоқ жүрген адам болғандықтан, арнайы инспекция да ешқандай шара қолданылмайды деп отыр. Осы оқиға бойынша полиция тергеуді бастады.

Әсемгүл Кочубаева, Ақмола облысы ПД басқарма тергеушісі:

— Жолды ағын су шәйіп кеткен. «Шансиманды»тартқан кезде ауыр жүк көлігі бір жағына ауып кетіп, ондағы азамат кабинадан шыға алмай қалған. Марқұмның денесі Нұрсұлтан қаласына мәйітханаға жіберілді. «Еңбекті қорғау ережелерін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия