jasqazaq.kz

Егістік алқапта жылқыларды сойып, етін алып кеткендер ұсталды

09 наурыз 2022, 11:05

Қызылорда облысы ПД-ның Қазалы ауданының полиция бөліміне Қожабақы ауылының тұрғыны жылқыларының жоғалып кеткені туралы арызданған.

Polisia.kz таратқан ақпаратқа сай, белгісіз біреулер бөтеннің мүлкін жасырын түрде жымқыру мақсатында ауылдың шетіндегі егістік алқаптан үш бас жылқы малын сол жерде сойып, етін алып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 1,4 млн теңге. Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің атқарылған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдікті үш ер адам анықталып, ұсталды.

Үшеуі де жұмыссыз облыс тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда күдіктілер Қазалы АПб-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-1-бабы 2-бөлігінің 1-тармақшасы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан:

Полиция департаменті мал ұрлығына және малды еркін жаюдан мал ұрлығына ықпал ететін негізгі себеп – меншік иелерінің бақылауының болмауы. Мал иелеріне малды жайылымда қараусыз қалдырып, салғырттық танытпауға кеңес береміз.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр