
Ресейлік актер Михаил Ефремов сегіз жылға бас бостандығынан айырылып, сот залында қамауға алынды. Бұл туралы Mash Telegram-каналына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.
Дереккөз мәліметінше, судья шешім қабылдаған кезде актердің төрт баласы, оның ішінде кәмелетке толмаған студент қызы және ол көмектесіп жүрген ересек балалары бар екенін ескерген.
Подъем Telegram-каналының мәліметінше, актер қайтыс болған тарапқа өтемақы ретінде 800 мың рубль төлеуге міндеттелді.
«Ефремов соңғы сөзінде кінәсін мойындады. Сот мұны кінәні ішінара мойындау және оны жеңілдететін жағдай ретінде қарау мүмкін деп санады», — делінген хабарламада.