jasqazaq.kz

ЕАЭО тауардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ететін тетіктер ұсынуы қажет

19 мамыр 2020, 17:50

Еуразиялық экономикалық одақта тауарлардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ететін өзара іс-қимылдың лайықты тетіктерін ұсыну қажет. Бұл туралы Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы онлайн отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

«Өзара тауар айналымы көлемінің сақталып, арта түсуін қамтамасыз етуге жәрдемдесу, оның номенклатурасы мен балансының әртараптандырылуын қамтамасыз ету маңызды. Індет кезінде туындаған барлық шектеулер мен кедергілерді кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қажет. Біздің денсаулық сақтау, санитарлық-ветеринарлық және бақылаудың басқа да салаларындағы ведомстволарымыз дағдарыстан сабақ алып, бір жағынан азаматтарымыздың қауіпсіздігін, екінші жағынан тауарлардың кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ететін өзара іс-қимылдың лайықты тетіктерін ұсынуы тиіс», — деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы індетпен күрес мәселесінде, одан кейін шектеулерді алып тастау кезінде көлік билігінің, санитарлық қызметтердің, шекаралық ведомстволардың үйлесімді жұмысы да маңызды екенін баса айтты.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде