jasqazaq.kz

Е.Сағадиев: Келесі үкімет отырысында қазақша сөйлеймін (видео)

27 ақпан 2018, 14:48

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев келесі Үкімет отырысында таза қазақ тілінде баяндама жасауға уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«95 пайыз қазақша болды (бүгінгі Үкімет отырысындағы баяндамасы — авт.) Енді қазір оның бәрін жасап жатырмын. Келесіде 100 пайыз қазақша жасаймын», — деді ол Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап беріп.

Ерлан Сағадиев сонымен бірге 2020 жылы мектептерде енгізілгелі отырған «нөлінші» сынып туралы айтып берді.

«2020 жылы нөлінші сынып енгізіледі. Дайындық барысы айтылды. Екі жылдың ішінде нөлінші сыныпты енгіземіз. Қазір көпшілік балабақшаларда, мектептерде бар (нөлінші сынып — авт.) 85 пайыз нөлінші сыныптар қазіргі уақытта балалар оқып жатыр. Жоспарымыз — 100 пайыз балаларды өткізу. Ол біріншіден. Екіншіден бірыңғай бағдарламасын енгізу. Көп өзгеріс жоқ, тек қана әліпбе латын тілінде басталады. Апробацияға әлі ақша бөлінген жоқ. Ең алдымен әліппені қабылдадық. Енді оқулықтарды дайындау керек. Оны сараптамадан өткізіп, содан кейін апробацияға кірісеміз», — деді министр.

 

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды